%T БАРМЫСЫҢ, БАБА ЖҰРТ!» ДАЛАЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ: ҚАРАҚАЛПАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ %A Б.Ә. Көшімова %J Нововведения Cовременного Научного Развития в Эпоху Глобализации: Проблемы и Решения %X

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті жүзеге асырып отырған «BR24993043 Қытай және өзге де Шығыс елдері дереккөздеріндегі көне түркі топонимдері – қазіргі түркі интеграциясының түп негіздерінің бірі: тарихи-этимологиялық, лингвистикалық көрінісі» атты нысаналы бағдарламалық жоба жоспарына сәйкес, жоба орындаушыларынан құралған зерттеу тобы 2026 жылдың 2-10 мамыр аралығында Қарақалпақстан мен Өзбекстан аумағында ұйымдастырылған «Бармысың, баба жұрт!» атты далалық экспедицияға қатысып қайтты. Экспедицияның негізгі мақсаты – аталған өңірлердегі тарихи-этнографиялық, этномәдени және топонимиялық деректерді жинақтау, көне түркілік атаулардың тарихи сабақтастығын анықтау және өңірдегі рухани-мәдени мұра үлгілерін ғылыми тұрғыдан зерделеу болды.

%V 4 %L uzindex2248 %N 2 %P 57-65 %D 2026