%0 Journal Article %@ 2992-8885 %A Каримсакова, Б.А. %D 2024 %F uzindex:3253 %J INTERNATIONAL JOURNAL OF RECENTLY SCIENTIFIC RESEARCHER'S THEORY %N 5 %P 330-334 %T ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА - БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ШЕБЕРЛІГІ %U https://uzindex.com/id/eprint/3253/ %V 2 %X

Болашақ педагог мамандардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибелерін ұштастыратын негізгі форма – педагогикалық практика болып табылады. В.Афанасьев: «Теория мен практиканың айырмашылығы – тәжірибеде. Теория деген не? Өткен ұрпақтардың жинаған іс-тәжірибесі. Практика деген не? Өзіміз жинақтайтын іс-тәжірибе. Теорияны да, тәжірибені де ескерген жөн. Теориямен нығайтылмаған тәжірибе ешқашанда тиімді болмайды, қандай тақырыпта сөз қозғалса да» - деп орынды айтқан екен.  Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады.