%T ҚАЗІРГІ ҰСТАЗ КЕЛБЕТІ %A Ақбөбек Болатқызы %J INTERNATIONAL JOURNAL OF RECENTLY SCIENTIFIC RESEARCHER'S THEORY %X

Мәртебелі және абыройлы, қазіргі заманға сай жаңашыл ұстаз – қоғам айнасы. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби: «Ұстаз тумысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген, және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, жаны таза және әділ, жұртқа үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін ержүрек болуы керек» - деген екен. Тізбектелген бұл қасиеттер ұстаз мамандығының бейнесін айқара ашқандай.

%V 2 %L uzindex3257 %N 5 %P 345-351 %D 2024