%0 Journal Article %@ 2992-8885 %A Жеткізгенова, Әлия %D 2025 %F uzindex:4363 %J INTERNATIONAL JOURNAL OF RECENTLY SCIENTIFIC RESEARCHER'S THEORY %N 4 %P 140-149 %T ТАЛАНТТЫҢ ТЕГІ – ТЕКТІДЕН %U https://uzindex.com/id/eprint/4363/ %V 3 %X
5-6 жас шамасындағы ер бала қоңырқай ғана жұпынылау тірлігі бар ауыл шетінде алдына оншақты қозы-лақты салып алып, арасында кесіртке қуалап, тышқан інін санап, одан жалықса қолына ши алып, құм бетіне қиялданып ердің, етіктің нобайын келтіріп, суретін шимайлап отыра қалады. Арасында қозы-лағына көз салып қойып, әшекейлеп ер жасап, зерлеп етік тіккен өзін елестетіп, қиялданып отырған балдырған таяқ тастам жерде өтіп бара жатқан ақсақалды байқап қалды.