%X

5-6 жас шамасындағы ер бала қоңырқай ғана жұпынылау тірлігі бар ауыл шетінде алдына оншақты қозы-лақты салып алып, арасында кесіртке қуалап, тышқан інін санап, одан жалықса қолына ши алып, құм бетіне қиялданып ердің, етіктің нобайын келтіріп, суретін шимайлап отыра қалады. Арасында қозы-лағына көз салып қойып, әшекейлеп ер жасап, зерлеп етік тіккен өзін елестетіп, қиялданып отырған балдырған таяқ тастам жерде  өтіп бара жатқан ақсақалды байқап қалды. 

%P 140-149 %N 4 %V 3 %J INTERNATIONAL JOURNAL OF RECENTLY SCIENTIFIC RESEARCHER'S THEORY %D 2025 %T ТАЛАНТТЫҢ ТЕГІ – ТЕКТІДЕН %L uzindex4363 %A Әлия Жеткізгенова