%L uzindex4437 %A Нағбду ҚАМАРОВА %T БАҚЫТ ҚҰШАҒЫНДА %D 2025 %J INTERNATIONAL JOURNAL OF RECENTLY SCIENTIFIC RESEARCHER'S THEORY %V 3 %N 4 %P 310-314 %X

Есенов университетінің қазақ филологиясы кафедрасы университеттегі  маңдайалды, ғылыми әлеуеті жоғары кафедралардың бірі. Оның әр мүшесі туралы ауыз толтырып айтар әңгіме көп. Кафедра құрамының 80 пайызы – нәзік жандылар. Отбасы шағын мемлекет болса, сол мемлекеттің шаруасын үйіріп әкететін – әйел.  Әйел – ана, әйел – жар. Бір сөзбен айтқанда, әйел – отбасының ұйытқысы. Ер азамат үйдің егесі болса, әйел үйдің шегесі. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін ақи­қат. Қарап отырсақ, қазір арамызда тек үйде бала-шағасына қарап, үй тірлігімен ғана айналысатын әйелдер аз. Керісінше, қыз-келіншектер үйдің де, түздің де жұмысын істеп, бәріне үлгеріп жүр. Тіпті ағайын-туысқа да қызмет етіп, өзіне қарауға да уақыт бөледі. Қысқасы, қазіргі әйел бейнесінің қыры көп.